Текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 25

Исполнитель
Название песни
Слова Назидания 25
Дата добавления
22.11.2020 | 10:20:13
Просмотров 143
0 чел. считают текст песни верным
0 чел. считают текст песни неверным

Для вашего ознакомления предоставлен текст песни Абай Кунанбаев - Слова Назидания 25, а еще перевод песни с видео или клипом. Также вы можете прослушать песню онлайн

Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол
It is good to teach children, but only prayerful and Turkic deities can be read. For him, this place is Darulkharap, first you need to find cattle here, then you need Arabs and Persians. How can a hungry person have a mind, a conscience and a passion for science? The lack of food and drink also contributes to the enmity of the brother and to the attachment to various calamities, such as theft, violence, deceit, and terror. If he finds an animal, he will be satisfied. After that, not only knowledge but also art is needed. He thinks about whether to teach it or not. It is necessary to study in Russian, wisdom, animals, art and science are all in Russian. It is necessary to know the language, study, science to avoid harm and to share the benefits. It was because they knew the language of the world. If you know his language, your eyes will be opened. A person who knows everyone's language and art is equal to him, he does not beg too much. You also need to know religion well. He sells his ignorant parents, relatives, religion, and humanity for a pittance in order to please him. He doesn't care, even if he opens the door, saying that the major just needs to laugh. Russian science and art are the key to the world, and knowing it makes the world cheaper. But today, those who taught Russian science to their children say that they want to use it to track Kazakhs again. No, you don't have to. Let's teach them how to earn money by honest work, if we see it and learn more, we would not be subject to illegal humiliation if the great Russians did not have the same law. In order for Kazakhs to become security guards, we also need to learn to be a country, to know what people know, and to take care of joining the people. Even today, no one is better than Russian-speaking children. The reason: parents, relatives, on the one hand, are spoiling. However, these educated children are better than the uneducated Kazakh children. No matter what they do, they can be persuaded. The children of a good grandfather did not study much, and the children of the poor were insulted by the Russians. Where else can they go? And when some Kazakhs quarreled with their brother: "Shouldn't I give my child to a soldier and put hair on my head and a mustache in my mouth until I get used to your humiliation?" he would say. What if a child of Kazakhs, who said such a bad word without fear of God and shame, read it? However, what did he learn more than other Kazakh children, and how much did he learn? There is no child who came in, went out, hung up, left, and studied thoroughly. His father hardly teaches to study with the money of the country, what should he do with his cattle? Honestly, do not give your child a letter, do not inherit, teach your child Russian science, even if you do your best! That's the way I said it
Опрос: Верный ли текст песни? Да Нет